Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Тойтөбеге  саяхат 

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылдық кітапханасы «Менің шағын Отаным – Аманқарағай» жобасы аясында «Тойтөбеге» саяхат ұйымдастырды.

Тойтөбеге  саяхат 

Бұл Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында айтылған мәселелерге сәйкес «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынды. Саяхатқа Аманқарағай ауылының жастары шақырылды. Орманды ауылдың шығыс жағында шағын төбешік батыс жағынан жақсы көрінеді де, шығысқа қарай еңістеніп барып, етегі тегістеліп кетеді. Бұл орын ертеден Тойтөбе деп аталады. Төбеге шығып, демалып отырғанның өзі адам жанына шипа беретінін, шаршағаны тез басылатынын айтады жергілікті тұрғындар. Олар бұл жерде керемет емдеу орнын ашуға болатынына сенімді.

Кітапханашылар саяхатшыларға осы қасиетті жердің ерекшеліктері және өлкетанушы Жамантай Уақбаев туралы  әңгімеледі. Ол кісі Аманқарағай орманының киелілігі жайында халық жадында қалған қызықты аңыз әңгімелерді жеткізушінің бірі еді.   Осы жерде Самарқанд қаласынан оралған ақсақ Темір Тоқтамысты жеңген  жеңісін тойлаған екен. Аңыз бойынша, ол 1391 жылы жазда болған деседі. Бір апта бойы тойланыпты. Ал ХІХ ғасырда бұл жерде Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс төренің ақ киіз үйі тұрды. Орманның ауасы тұнық, жерден бір ерекше қасиет беріп тұрғандай. Адам жаны сергіп сала береді. Түрлі шөптердің жұпар иісімен рахаттана дем алып, егер ақ қайыңға жақындап келсең су сылдырын естуге болады. Төмен қарасаң аяқ астындағы саңырауқұлақтар және алуан түрлі гүлдер мен  шөптерді көресің. Таңғажайып орыннан шыға бере кәдімгі кең далаға кезігесің. Кітапханашылар осы орынға бірнеше рет келіп  дерттерінен айығып кеткен жандардың  шынайы оқиғалары туралы әңгімеледі.

Саяхатқа қатысушылар өлкемізде осындай көркем жердің, орманның болғанын мақтаныш тұтатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00